Аға буынның қауіпсіздігі – басты назарда

    1 / 5

    «Өрт қауіпсіздігі онкүндігі» аясындағы профилактикалық жұмыстар алтыншы күні де жалғасын тапты.

    Осы күні Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Аға буын – сенімді қорғаныста!» атты профилактикалық акция ұйымдастырып, қарт азаматтардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударды.

    Іс-шара барысында аға буын өкілдеріне үй жағдайында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жылыту құралдарын дұрыс пайдалану, өрттің алдын алу жолдары және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

    Қарт адамдардың қауіпсіздігіне бейжай қарамау – қоғамның ортақ жауапкершілігі. Кейде дер кезінде айтылған ескерту мен көрсетілген қамқорлық адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.

    Аға буынға құрмет – қамқорлықтан басталады. Қауіпсіздікке бірге мән берейік!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары