Қауіпсіз балалық шақ ойыннан басталады

    1 / 5

    Жетісу облысында балалардың қауіпсіздік мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға бағытталған «Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балабақшаларда бүлдіршіндерге өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін қолжетімді әрі қызықты форматта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара бағдарламасы аясында балабақша тәрбиеленушілері арасында түрлі конкурстар ұйымдастырылып, өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар балалар өрт сөндірушінің арнайы макетімен танысты. Ойын элементтері мен көрнекі құралдар арқылы өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керектігі және күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

    Мұндай тәсіл балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, қажетті білімді ойын арқылы есте сақтауға мүмкіндік береді. Іс-шара соңында белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды.

    Жалпы профилактикалық жұмыстармен 34 балабақша қамтылып, оған 863 бала мен қызметкер қатысты. Қауіпсіздік мәдениетін бала кезден қалыптастыру – өскелең ұрпақтың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды қадамы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары