Бір қарағанда, бұл қарапайым ғана шағын құрылғы. Алайда дәл осы құрылғы адам өздігінен байқай алмайтын қауіпті алдын ала ескертуі мүмкін.
Әңгіме улы газ датчигі туралы болып отыр. Ол түсі мен иісі жоқ, адам өміріне қауіпті газды анықтап, қауіп төнген жағдайда қатты дыбыстық белгі береді.
Әсіресе оның түнгі уақытта атқаратын қызметі маңызды. Үйдегілер ұйықтап жатқан кезде де датчик тәулік бойы ауаны бақылап тұрады. Улы газ анықталған жағдайда берілетін дыбыстық белгі адамдарды оятып, дер кезінде қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға, әсіресе пешпен жылытылатын және газ жабдықтары пайдаланылатын үйлерге улы газ датчиктерін орнатуды ұсынады.
Есте сақтаңыз: қауіпті дер кезінде ескерту қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі. Үйіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








