Алматыда қолайсыз ауа райына байланысты 85 жедел бригада жұмылдырылды

    1 / 2

    Алматыда түннен бері жауын-шашын жауып тұр. Қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы кезекшілік атқарып, жолда арнайы техника мен жол қызметкерлері жұмылдырылды. Бұл туралы Алматының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

    «Қазгидромет» мәліметінше, жаңбыр түнгі сағат 1:30-да басталып, сағат 5:00-ден бастап әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан аудандарда қарға ұласқан. Күндіз негізінен жаңбыр жауып, сағат 19:00-ге дейін басылады деп болжанып отыр. Жауын-шашын мөлшері 15–17 мм болады деп күтілуде, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы +5…+7 °С шамасында болады.

    Көктайғақтың алдын алу үшін 200 бірлік жол техникасы, оның ішінде 185 құм шашатын техника мен 15 JetBroom машинасы қарастырылған. Қаланың жоғарғы бөлігінде жолға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр.

    Тәулік ішінде 3 250 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 бірлік арнайы техника жұмылдырылады. Көше-жол желісін тазалау жұмыстары тәулік бойы бақылауда.

    Синоптиктердің болжамынша, 28 қарашаға қараған түні аздаған жауын-шашын болуы мүмкін, ал 29 қарашада күн ашық.

    Қала тұрғындары мен қонақтарына жол мен тротуарда сақтық шараларын сақтау ұсынылады. Жүргізушілер қауіпсіз жылдамдықты таңдап, көлік арасындағы арақашықтықты сақтауы қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары