«Конституцияны құрметтеу – елді құрметтеу, Жолдауды жүзеге асыру – болашаққа бастар жол!»

    Конституция – тәуелсіз еліміздің берік тұғыры, мемлекеттілігіміздің негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басты кепілі. Оны құрметтеу – Отанға деген адалдықтың, ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
    Ал Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің даму бағыттарын айқындайтын, қоғамды жаңғыруға, экономиканы нығайтуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық бағдар. Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру – мемлекеттік органдармен қатар, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Конституция талаптарын сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту – әділетті әрі өркендеген Қазақстанды қалыптастырудың негізгі шарттары. Әрбір бастама нақты іспен ұштасып, ел игілігіне қызмет еткенде ғана көзделген мақсаттарға қол жеткізуге болады.
    Елдің жарқын болашағы – заңға құрметтен, жауапкершіліктен, бірліктен және адал еңбектен басталады. Конституция құндылықтарын берік ұстанып, Жолдауда айқындалған міндеттерді жүйелі жүзеге асыру – қуатты мемлекет пен кемел келешекке бастайтын ортақ жол!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшоқы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары