«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ақшоқы ауылдық округі әкімдігі аппаратының мекеме қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтегі адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту, заң талаптарын сақтау және әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігін арттыру.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және заң талаптарын қатаң ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әрбір азаматтың адал ұстанымы мен заңға деген құрметі әділетті қоғам қалыптастыруға негіз болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








