Конституция – тәуелсіз еліміздің берік тірегі, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен қоғамдық келісімнің негізі. Ал Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындап, болашаққа бастайтын маңызды құжат. Конституцияда бекітілген қағидаттарды сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – өркениетті қоғамның басты белгілері. Жолдауда белгіленген міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру арқылы экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік саланы жетілдіруге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға болады. Ең бастысы, Конституция мен Жолдауда айқындалған мақсаттар тек мемлекеттік деңгейдегі міндеттер ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі болуы тиіс. Себебі елдің өркендеуі – заңға құрметтен, бірліктен, адал еңбектен және қоғамдық жауапкершіліктен басталады.
Конституцияны құрметтеу – тәуелсіздігімізді бағалау, ал Жолдау міндеттерін жүзеге асыру – жарқын болашаққа жасалған нақты қадам. Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын болса, еліміздің келешегі де кемел болмақ!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








