Құрметті салық төлеуші (салық агенті)! 2027 жылға арналған салық есептілігін табыс ету туралы.

    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізіліп жатқан өзгерістер аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 «Есептілікті жасау бойынша түсініктемелері бар салық есептілігінің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.
    Салық есептілігінің жаңа нұсқадағы нысандарының ИСНА «Салық төлеушінің кабинеті» ақпараттық жүйесінде кезең-кезеңімен жарияланатыны туралы жүйенің жаңалықтар таспасында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-порталында (kgd.gov.kz) алдын ала хабарланатын болады.
    Осыған байланысты, салық міндеттемелерін уақтылы орындау мақсатында салық есептілігінің жаңа нұсқадағы нысандары жарияланғанға дейін есептілікті табыс ету кезінде «Салық төлеушінің кабинеті» ақпараттық жүйесінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-порталында қолжетімді нысандар қолданылатынын хабарлаймыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары