ТІЖ және ЭШФ ресімдеу жөніндегі талаптарды қолдану мерзімдері туралы.

    Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Виртуалды қойма» модулін пайдалана отырып, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды «ТІЖ» ресімдеу және электрондық шот-фактураларды «ЭШФ» жазып беру жөніндегі талаптарды қолдану мерзімдері туралы хабарлайды.
    2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №661 бұйрығымен бекітілген тізбенің 8 және 9-тармақтарында көзделген тауарларға қатысты ТІЖ ресімдеу және ЭШФ жазу жөніндегі талаптар күшіне енеді.
    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы №658 бұйрығының 3-тармағына сәйкес тауарлар бағасының ең төменгі деңгейін (ЕТБД) Мемлекеттік кірістер органдары тоқсан сайын, 15-ші күннен кешіктірмей есептейді және жариялайды.
    Осыған байланысты 2026 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Виртуалды қойма» модулін жүргізу және ТІЖ ресімдеу бойынша талаптар қолданыстағы ЕТБД тізбесіне енгізілген - 15 тауар тобына (СЭҚ ТН 89 коды), сондай-ақ ауыл шаруашылығы өніміне - бидай бойынша (СЭҚ ТН 4 коды) қолданылады.
    ЕТБД тауарларының тізбесіне қосымша енгізілген – 38 тауар тобына (СЭҚ ТН 941 коды) қатысты тиісті талаптар 2027 жылғы I тоқсаннан бастап ЕТБД-ның жаңартылған тізбесін қолдану басталуын ескере отырып, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары