«Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейлік пен ғылым-білімнің тұғыры» тақырыбында семинар өтті

    1 / 2

    Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіндеБатыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен облыстық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірегейлік пен ғылым-білімнің тұғыры» тақырыбында талқылау-семинары өтті.

    Семинардың негізгі мақсаты – 2026 жылғы 10 қарашада өткен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының X құрылтайында Мемлекет басшысы көтерген стратегиялық міндеттерді өңірлік деңгейде талқылау, мемлекеттік тілдің қоғамдық бірлікті нығайтудағы, ғылым мен білім беру жүйесіндегі және цифрлық кеңістіктегі рөлін арттыру жолдарын айқындау.

    Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызы, қазақ тілінің ғылыми әлеуетін дамыту, ұлттық цифрлық деректер қорын қалыптастыру, тілдік бірізділік пен орфографиялық нормаларды жетілдіру, сондай-ақ тіл мәдениеті мен емле бірізділігі мәселелері кеңінен талқыланды.

    Семинар аясында бір қатар өзекті тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды.

    Семинар жұмысына ғалымдар, педагогтер, студент жастар және өзге де тіл жанашырлары қатысты.

    Іс-шара қорытындысында мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдегі қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің ғылыми және цифрлық әлеуетін арттыру, тілдік нормалардың бірізділігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары