«Ономастика білгірі – 2026» байқауы өтті

    Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдардың ономастика саласына жауапты мамандары арасында «Ономастика білгірі – 2026» облыстық байқауы өтті.

    Байқаудың негізгі мақсаты – жергілікті атқарушы органдардағы ономастика саласына жауапты бөлімдердің жұмысын жандандыру, мамандардың кәсіби білімі мен біліктілігін арттыру, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.

    Байқауға Орал қаласы мен аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардан 12 маман қатысып, өздерінің кәсіби білімдері мен біліктіліктерін сарапқа салды.

    Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орын Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Роза Оңғарбайқызы Зайнуллинаға бұйырды. ІІ орынды Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Бұлбұл Беркінғалиқызы Исмагулова иеленді.

    Ал ІІІ орын Ақжайық аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Зульфия Нұрлыханқызы мен Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Гүлжайна Ермекқалиеваға берілді.

    Сонымен қатар байқаудың өзге қатысушылары да арнайы номинациялар бойынша марапатталып, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

    Аталған байқау ономастика саласындағы мамандардың кәсіби әлеуетін арттырып қана қоймай, тәжірибе алмасуына, өзара ынтымақтастығын нығайтуға және өңірдегі ономастикалық жұмыстардың сапасын жетілдіруге ықпал ететін маңызды алаңға айналды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары