Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданында Мамай батыр ауылына жұмыс сапары

    1 / 5

    Өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданына жұмыс сапары барысында Мамай батыр ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт пен Баяш Өтепов ауылындағы Амангелді атындағы негізгі мектептің жағдайымен танысты.
    1976 жылы салынған Мамай батыр ауылындағы медициналық пунктте төрт қызметкер жұмыс істейді. Нысан ауыл тұрғындарымен қатар, көршілес елді мекендерге де қызмет көрсетеді. Осыған байланысты облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасына ауылда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт салу мәселесін пысықтап, қажетті құжаттар мен қаржылық-экономикалық негіздеме әзірлеуді тапсырды.
    Сондай-ақ Амангелді атындағы негізгі мектептің материалдық-техникалық жағдайын қарап шықты. Бүгінде білім ордасында 24 оқушы білім алады, мектепалды даярлық тобында 5 бала тәрбиеленуде. Мектепте IT кабинеті, кітапхана және асхана жұмыс істейді.
    Жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың жағдайы қаралып, оларды дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлан ауданының әкімдігі" жаңалықтары