Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кассалық тәртіпті сақтау деңгейін арттыру және көлеңкелі экономиканы төмендету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде Business Go цифрлық платформасының «Amian сервисінде автомобильдер мен бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны» республикалық акциясының (бұдан әрі – Акция) іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Акция ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық қолдауымен өткізіледі және 2027 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға дейін жалғасады. Оның басты мақсаты – салық мәдениетін нығайту, азаматтарды фискалдық чектер алуға ынталандыру және бизнеске арналған цифрлық сервистерді дамыту.
Жалпы жүлде қоры 12 бағалы сыйлықты қамтиды: 6 автомобиль, 2 смартфон, 2 планшет және 2 ноутбук. Автомобильдерді Astana Motors және Allur Auto компаниялары ұсынады (маркалары мен модельдерін демеушілер ұйымдастырушымен бірлесіп айқындайды; жүлделердің ақшалай баламасын төлеу көзделмеген). Жүлде қоры демеушілер мен ұйымдастырушы есебінен қалыптастырылған.
Ұтыс ойындары алты кезеңде өтеді. Әр кезеңде екі жеңімпаз анықталады – біреуі сатып алушылар арасынан және біреуі кәсіпкерлер арасынан (Акция қорытындысы бойынша барлығы 12 жеңімпаз):
- 1-кезең: чектерді қабылдау 2026 жылғы 10–30 қараша аралығында өтеді, ұтыс ойыны 2026 жылғы 1 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 19:00-де болады, 2 смартфон ойнатылады.
- 2-кезең: чектерді қабылдау 2026 жылғы 1–31 желтоқсан аралығында өтеді, ұтыс ойыны 2027 жылғы 1 қаңтарда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 19:00-де болады, 2 автомобиль ойнатылады.
- 3-кезең: чектерді қабылдау 2027 жылғы 1–31 қаңтар аралығында өтеді, ұтыс ойыны 2027 жылғы 1 ақпанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 19:00-де болады, 2 планшет ойнатылады.
- 4-кезең: чектерді қабылдау 2027 жылғы 1–28 ақпан аралығында өтеді, ұтыс ойыны 2027 жылғы 1 наурызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 19:00-де болады, 2 автомобиль ойнатылады.
- 5-кезең: чектерді қабылдау 2027 жылғы 1–31 наурыз аралығында өтеді, ұтыс ойыны 2027 жылғы 1 сәуірде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 19:00-де болады, 2 ноутбук ойнатылады.
- 6-кезең: чектерді қабылдау 2027 жылғы 1–30 сәуір аралығында өтеді, ұтыс ойыны 2027 жылғы 1 мамырда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 19:00-де болады, 2 автомобиль ойнатылады.
Қалай қатысуға болады
Сатып алушылар үшін:
1.Amian мобильді қосымшасында тіркелу және верификациядан өту.
2.Акцияға қатысушы кәсіпкерден 1 000 теңгеден басталатын сомаға сатып алу жасау және фискалдық чек талап ету (сауда нүктелерінің тізімі Amian қосымшасында көрсетілген).
3.Сатып алған сәттен бастап 24 сағат ішінде қосымшада чектің QR-кодын сканерлеу.
Сәтті сканерленген жағдайда қосымшада чектің қатысуға қабылданғаны туралы хабарлама шығады. Әрбір тексерілген чек жеңіске жетуге бір мүмкіндік береді (күніне үш чектен артық тіркеуге болмайды). Қатысу үшін ақы алынбайды.
Кәсіпкерлер үшін: Business Go платформасындағы Amian Business сервисіне қосылу және әр кезеңде сатып алушылар үшін жеке маркетингтік акцияларды (жеңілдіктер, бонустар, кэшбэк немесе сыйлықтар) іске қосу қажет.
Анықтамалық ақпаратАкцияны ұйымдастырушы – «IT Analytics» ЖШС. Акцияның толық шарттарымен және оған қатысатын сауда нүктелерінің өзекті тізіміменbusiness.amianapp.kz/live/7?lang=ruсайтында немесе 1432 байланыс орталығының тегін нөмірі арқылы танысуға болады.
Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы
жәнеБайланыс-орталығыбасқармасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









