2026 жылдың қараша айынан бастап мобильді аударымдарды бақылауда не өзгерді?

    Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылаудың негізгі критерийлерінің бірі өзгерді. 12 ең төменгі жалақының (ЕТЖ) орнына енді 360 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі бекітілген шекті мән қолданылады. 2026 жылғы 8 қарашадан бастап бұл сома қатарынан үш күнтізбелік ай үшін 1 557 000 теңгені құрайды.

    Бақылаудың негізгі шарттары өзгеріссіз қалады:

    1.Үш күнтізбелік айдың әрқайсысында 100 және одан да көп түрлі тұлғадан ақша түсуі.

    2.Ақша кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке банк шотқа түсуі тиіс.

    3.Үш айдағы түсімдердің жалпы сомасы белгіленген шектен (360 АЕК) жоғары болуы.

    Туыстар, достар арасындағы қарапайым аударымдар немесе жеке қарыздарды қайтару тек алыну фактісі бойынша ғана кәсіпкерлік кіріс болып саналмайды. Бақылау барлық критерийлердің жиынтығына ғана қолданылады.

    Құқықтық негіз:ҚР Қаржы министрінің 2026 жылғы 23 қазандағы № 718 бұйрығы (2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа өзгерістер енгізетін).

    Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

    жәнеБайланыс-орталығыбасқармасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары