Павлодар облысы бойынша МКД-де Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

    1 / 3

    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күніне және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Іс-шараны ашқан Департамент басшысы Ержан Тоқтарханов теңгенің жай ғана төлем құралы емес, еліміздің мемлекеттілігінің, экономикалық дербестігі мен тұрақтылығының аса маңызды символы екенін атап өтті. Әрбір табысты көрсеткіш пен бюджетке түскен түсімнің артында мемлекеттік кірістер органдарының әрбір қызметкерінің қажырлы еңбегі, жоғары кәсібилігі және өз ісіне деген адалдығы тұр.

    Дәстүр бойынша бұл күні өңірдің салық және кеден жүйелерін дамытуға елеулі үлес қосқан үздік мамандарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті:

    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен Кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Тілектес Қалымұлы Тусетаев және Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Ерсін Сейфоллаұлы Харифоллин марапатталды;

    - ҚР Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен Ірі салық төлеушілер басқармасының басшысы Саят Асғатоллаұлы Жұматаев, Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы Талғат Қалдыбайұлы Игликов, «Павлодар – кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің бас маманы Бауыржан Мұратұлы Билялов, Павлодар қаласы бойынша МКБ Заңды тұлғаларды камералдық бақылау және әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Алмагүл Қабышқызы Тұрымбекова және Павлодар қаласы бойынша МКБ Өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Серікбол Төкенұлы Жұмаханов марапатталды;

    - Өңіріміздің дамуына қосқан үлесі үшін және Ұлттық валюта-теңге Күніне орай Павлодар облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен Еуразиялық экономикалық одағы шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасы экспорттық бақылау бөлімінің бас маманы Ахмет Назымбекұлы Теміров марапатталды.

    Сонымен қатар, белсенді азаматтық ұстанымы және мемлекет пен бизнес-қоғамдастық арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайтқаны үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Алғыс хатымен Салық консультанттары палатасының Павлодар облысы бойынша өкілдігінің директоры, «Стиль» ЖШС басшысы Людмила Петровна Пацан марапатталса, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алғыс хатымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Гүлнара Еркенқызы Бассуова марапатталды.

    Ресми бөлім жарқын өнер көрсетулермен кезектесіп отырды: департаменттің жас мамандары әріптестеріне арнап шығармашылық нөмірлер дайындады, ал мерекенің соңы ұлттық валютаның қалыптасу тарихына арналған қызықты интерактивті викторинамен аяқталды.

    Іс-шара жылы, мерекелік атмосферада өтіп, ұжымның тағы бір игі дәстүріне айналды.

    Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

    жәнеБайланыс-орталығыбасқармасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары