Прокуратура борышкерлердің берешегін өндіру жұмыстарын күшейтті

    Сарыағаш ауданы прокуратурасының бастамасымен аудандық полиция басқармасы және жеке сот орындаушыларының қатысуында «Борышкер» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы өткізілді.

    Рейдтік іс-шара аясында мемлекет пайдасына өндірілетін әкімшілік айыппұлдар мен салық берешектерін өндіру, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерді және олардың көлік құралдарын анықтау бағытында жұмыстар жүргізіліп, заң талаптары түсіндірілді.

    Іс-шара барысында мемлекет пайдасына 1,5 млн теңге және 1 млн теңге көлемінде алимент берешегі өндірілді.

    Аудан прокуратурасы аталған бағыттағы рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

    Құрметті азаматтар, берешектеріңізді уақытылы өтеп, заң талаптарын сақтауға шақырамыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының прокуратурасы" жаңалықтары