ХАБАРЛАНДЫРУ

    Түркістан облысының прокуратурасы қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау жариялайды (ҚР БП 16.04.2025ж. №50 бұйрығы).

    Жоспардан тыс аттестаттауға қатысуға ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей кадр жұмысы басқармасына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат тапсыруы қажет.

    Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:

    1. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты;

    2. Қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді;

    3. Полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;

    4. Аттестаттау комиссиясы өткізетін қызметкермен әңгімелесу;

    5. Аттестаттау комиссиясының шешімін шығаруын қамтиды.

    Соңғы үш жыл ішінде полиграфологиялық (қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде полиграфологиялық зерттеулерді қоспағанда) және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілген қызметкер бірден әңгімелесу кезеңіне жіберіледі.

    Келесі қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:

    1. Басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін;

    2. Алынбаған тәртіптік жазалары бар;

    3. Оларға қатысты қызметтік не сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізіліп жатқан қызметкерлер.

    Түркістан облысы прокуратурасының Кадр жұмысы басқармасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының прокуратурасы" жаңалықтары