Атырау қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

    1 / 5

    18 қараша күні өткенотырыс барысында қала өміріне қатысты өзекті мәселелер мен әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттары бойынша бірқатар мәселелер қаралды.

    Атап айтқанда, жастар саясатын іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды дамыту, жастар жобаларының тиімділігін арттыру және тұрғындардың діни сауаттылығын көтеру мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың жай-күйі, сондай-ақ полиция қызметінің нәтижелері қаралды.

    Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және қоғамда парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мен нығайту болды.

    Бұдан бөлек, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу және ауыстыру, сондай-ақ тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізуге байланысты меншік иелерінің қаражатын қайтаруды қамтамасыз ету қағидаларына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

    Сондай-ақ Атырау қаласының бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру мақсатында көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғалары мен шатырларын реконструкциялау, ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларына енгізілетін өзгерістер талқыланды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау қаласының мәслихаты" жаңалықтары