Атырау қаласы Мәслихатының кезекті XLIII (43) -ші сессиясы өтті

    Атырау қаласы Мәслихатының кезекті XLIII (43) -ші сессиясы өтті
    Атырау қаласы мәслихатының төрағасы Ақылбек Құлбараховтың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезекті XLIII (43) - ші сессиясы өтті.
    Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасов, қалалық мәслихат депутаттары, қаланың дербес бөлімдері мен мекемелерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
    Сессия отырысының күн тәртібіне қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы, жер қатынастары, сайлау комиссияларының қызметі және мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастыруға қатысты маңызды мәселелер енгізілді.
    Күн тәртібіне сәйкес, мәслихаттың тұрақты комиссияларында алдын ала қаралып, жан-жақты зерделенген 7 мәселе депутаттардың талқысына ұсынылды.
    Атап айтқанда, Атырау қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ 2025 жылға арналған қала бюджетінің атқарылуы туралы есеп қаралды. Бұл мәселелер бойынша бюджет қаражатының игерілуі, негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңдегі басым міндеттер талқыланды.
    Сонымен қатар, Атырау қаласына қарасты ауылдық округ әкімдерінің 2025 жыл ішінде өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы мәслихат депутаттары алдындағы есептері тыңдалды. Есептер барысында ауылдық округтердің әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуы, абаттандыру, тұрғындар өтініштері назарға алынды.
    Бұдан бөлек, Атырау қаласы бойынша учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау, Атырау қаласының Құрмет грамотасымен наградтау, сондай-ақ Атырау қаласы мәслихаты аппаратының Ережесін бекітуге қатысты мәселелер қаралды.
    Сессия барысында депутаттар қала тұрғындарының мүддесіне қатысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салып, қаралған мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді. Әсіресе бюджет қаражатын тиімді пайдалану, ауылдық округтердегі өзекті мәселелерді шешу және тұрғындардың өтініштерін назарға алу қажеттігіне баса мән берілді.
    Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелердің әрқайсысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау қаласының мәслихаты" жаңалықтары