Қала әкімі Данияр Таханов депутаттарды қабылдады

    1 / 2
    Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 Жарлығына сәйкес, Атырау қаласы Мәслихатының VIII шақырылым депутаттарының өкілеттігі тоқтатылған болатын.
    Осыған орай, Атырау қаласының әкімі Данияр Болатұлы VIII шақырылымдағы қалалық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізіп, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері мен атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.
    Кездесу барысында депутаттардың қала өміріндегі өзекті мәселелерді шешуге, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдауға және олардың мүдделерін қорғауға бағытталған қызметі атап өтілді.
    Сондай-ақ депутаттардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысып, қаланың дамуына қосқан үлесі мен қоғамдық қызметі жоғары бағаланды.
    Кездесу соңында бірқатар депутатқа Құрмет грамоталары мен Атырау қаласы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
    Қала игілігі жолындағы еңбектеріңіз бен жауапты қызметтеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау қаласының мәслихаты" жаңалықтары