📌 «ЖАНҰЯ» ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫМЕН БІРЛЕСКЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Солоновка ауылдық округінің мобильді тобы «Жанұя» отбасын қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп, тәуекел тобындағы отбасына бару жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында отбасы мүшелерімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына мониторинг жасалды.
Бару нәтижесінде отбасындағы жағдай тұрақты екені, тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық екені анықталды.
Жұмыстың негізгі мақсаты – отбасына қажетті әлеуметтік қолдау көрсету, туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу, отбасының әл-ауқатын бақылау және қолайлы әлеуметтік жағдай қалыптастыру.
Тәуекел тобындағы отбасылармен профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, бақылауда ұсталады
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








