📌 ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
2026 жылғы 7 қарашада Өскемен қаласындағы «Алтай» базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілердің табиғи өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, жаңа сойылған ет, бал, қымыз, сары май, сүзбе және басқа да сүт өнімдері сатылымға шығарылды.
Қала тұрғындары мен қонақтары сапалы әрі қолжетімді бағадағы өнімдерді сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Осындай жәрмеңкелерді өткізу жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға, кәсіпкерлікті дамытуға және отандық өнімдерді кеңінен насихаттауға ықпал етеді.
Жәрмеңкеге белсенді қатысып, өз өнімдерін лайықты деңгейде ұсынған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









