📌 СОЛОНОВКА АУЫЛЫНДА ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ!

    📌 СОЛОНОВКА АУЫЛЫНДА ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ!

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының Солоновка ауылдық округінде ауыл инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында маңызды жұмыстар атқарылуда.

    Соның бірі – Солоновка ауылында жаңа ветеринариялық пункттің ашылуы. Жаңа нысан ауыл тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілді.

    Аталған ветеринариялық пункт ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға, ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы тексеруден өткізуге және қажетті профилактикалық шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.

    Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту ауыл шаруашылығы үшін ерекше маңызға ие. Мал басының саулығын сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру – ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды бағыттарының бірі.

    Жаңа ветеринариялық пункт ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп, ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қосады деп сенеміз!

    Ауылдың дамуы – елдің дамуы! Тұрғындардың әл-ауқаты мен ауыл шаруашылығының өркендеуі – басты мақсатымыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары