Туляремия: нені білу маңызды және қалай қорғану керек
Туляремия— көріністері жағынан «кіші обаға» ұқсайтын табиғи-ошақты инфекция, алайда уақтылы емделсе, жақсы емделеді. Бактериялардың ең аз санынан да жұғуы мүмкін.
- Адамнан адамға берілмейді.Табиғаттағы негізгі резервуары — кеміргіштер мен қояндар.
Жұғу жолдары
- Жәндіктердің шағуы:кенелер, масалар, соналар, шіркейлер.
- Жануарлармен байланыс:аң аулау, ұшаларды мүшелеу, ауру немесе өлексе кеміргіштерге және олардың бөлінділеріне тию.
- Су және тағам:ашық су айдындарынан алынған қайнамаған су, кеміргіш ізі бар азық-түлік немесе көкөністер.
- Шаң:жертөлелерді, қораларды тазалау, пішенмен, сабанмен және астықпен жұмыс істеу.
Қауіпті белгілер
Инкубациялық кезең әдетте 3–7 күн (сирек жағдайда 2 аптаға дейін). Ауру кенеттен басталады:
- дене қызуының 38–40 °C -қа дейін көтерілуі, қалтырау, қатты бас ауруы және бүкіл дененің қақсауы;
- тығыз, ауыратын лимфа түйіндері (көбіне қолтық асты, шап немесе мойын түйіндері);
- шаққан жерде жараның пайда болуы немесе қоздырғыш шырышты қабыққа түскенде көздің қабынуы.
Маңызды:өздігінен емделмеңіз және дәрігер қарағанға дейін «жорамалдап» антибиотик ішпеңіз — бұл аурудың клиникалық көрінісін бұлдыратады.
Қалай қорғану керек
- Вакцинация:шамамен 5 жылға қорғаныс береді; табиғи ошақ тұрғындарына, аңшыларға, балықшыларға, фермерлерге және ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне өзекті.
- Табиғат аясында:репелленттер, жабық киім, кенеге қарсы үнемі өзін-өзі және бір-бірін тексеру.
- Үйде, саяжайда және аңшылықта:шаңды пішенмен, астықпен және жертөлелерде жұмыс істегенде қолғап пен респиратор кию; аңды жалаң қолмен мүшелемеу.
- Су және сақтау:тек қайнатылған немесе бөтелкедегі су; азық-түлікті тығыз жабылатын ыдыста сақтау және кеміргіштермен күресу.
Табиғатқа шыққаннан, саяжайдан кейін немесе жануарлармен байланыстан соң дене қызуы көтеріліп, лимфа түйіндері ұлғайса, дереу дәрігерге қаралыңыз және ықтимал қауіп көзін атаңыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









