Астанада мектептердегі тамақтану сапасын бақылау мәселелері талқыланды

    1 / 3

    2026 жылғы 18 қарашада Астанада мектептердегі тамақтану сапасын бақылау мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Іс-шараға мектептердің медицина қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері және ведомствоаралық комиссия мүшелері қатысты.

    Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Гүлзира Есжанова мектептерде тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық талаптарды және тез бұзылатын тамақ өнімдерінің бракераж журналын жүргізу тәртібін түсіндірді.

    Департаменттің мониторинг, талдау және тәуекелді бағалау бөлімінің басшысы Гауһар Дүйсеғалиева мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы туралы баяндама жасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары