«Жүрегім, жырым Маңғыстау»:ҚАЖ мекемесінде шығармашылық кездесу өтті

    1 / 4

    Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №43 мекемесінде сотталғандар арасында рухани-танымдық бағыттағы мәдени іс-шара өтті.

    «Маңғыстау Руханият» қоғамдық қоры мен «Әкелер одағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, ақын, жазушы, Халықаралық және Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Аллаберген Қонарбаев Әзірбайжанұлымен «Жүрегім, жырым Маңғыстау» атты шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында ақын өзінің шығармашылық жолы, әдебиет әлеміндегі ізденістері мен өмірлік ұстанымдары туралы әңгімелеп, жүрекжарды жырларын оқыды. Сонымен қатар, қаламгер қатысушыларға авторлық кітаптарын сыйға тартып, рухани құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың рухани дүниесін байыту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиет пен мәдениетке деген құрметін қалыптастыру, сондай-ақ олардың қоғамға қайта бейімделуіне ықпал ету.

    Мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Ғабит Бердішев өз сөзінде:

    «Мұндай рухани-мәдени кездесулердің тәрбиелік мәні зор. Ақын-жазушылармен жүздесу арқылы сотталған азаматтар әдебиет пен өнердің құдіретін сезініп, өмірге деген көзқарастарын қайта саралауға мүмкіндік алады. Рухани тәрбие – адамның ішкі жан дүниесін байытып, ізгілікке, адамгершілікке жетелейтін маңызды құрал. Сондықтан осындай тағылымды кездесулерді ұйымдастыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз», – деп атап өтті.

    Тағылымы мол кездесу қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, рухани ой салған мазмұнды шараға айналды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары