
2026 жылғы 19-20 қараша аралығында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Қалдарбеков Мұса Оспанұлы тәжірибе алмасу мақсатында Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясына барды.

Жүздесу барысында тараптар тексеру комиссиялары қызметін ұйымдастыру, мемлекеттік аудитті іске асырудағы өзекті мәселелер, заң сараптамасы, сапаны бақылау және әкімшілік рәсімдер бойынша пікір алмасып, бір-бірінің тәжірибесін зерделеді.

Кездесу қорытындысымен Меморандум аясында болашақта қызметтің негізгі бағыттары бойынша өзара ынтымақтастықты күшейтіп, бірлескен жұмысты әрі қарай жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.