
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында «15 қараша – Ұлттық валюта - теңге күні» және Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Жиын барысында Тексеру комиссиясының төрағасы Мұса Оспанұлы құттықтау сөз сөйлеп, қаржы саласында табысты еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегін атап өтті.

Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен – Әкімшілік-ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің маман-әдіскері Нәсіпбек Ақжанар Орынбекқызы.

Сондай-ақ Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы басшысының алғыс хатымен – Әкімшілік-ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің маман-әдіскері Қабылбек Ақниет Әлімбекқызы.

Сонымен қатар тексеру комиссиясының мүшесі Бауыржан Төлешұлы мерекеге арнайы құттықтауын айтып, саланың маңызын, жетістіктерін және алдағы міндеттерін қамтып өтті. Тексеру комиссиясының бас инспектор-мемлекеттік аудитор Нұрлан Қалдыбайұлы ұжымды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.