ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 35 ЖЕТІСТІК: АҚЖАЙЫҚ

    Өнерге қанат қаққан өрендер

    Тәуелсіздік жылдарында Ақжайық ауданында балалардың музыкалық білім алуына, ұлттық аспаптарды меңгеріп, өнерін дамытуына мүмкіндік кеңейді. Балалар музыка мектебінің бүгінгі көрсеткіштері мен шәкірттерінің жеңістері – осы бағыттағы жұмыстың нақты нәтижесі.
    2011 жылы мектепте 130 шәкірт білім алып, 16 педагог еңбек еткен, 5 үйірме жұмыс істеген. Бүгінде 242 шәкіртке 26 педагог 9 мамандық бойынша білім береді. Осы кезеңде оқушылар саны 112 балаға көбейіп, шамамен 86 пайызға артты. Педагогтер қатары 10 маманмен толықты.
    Қазір балалар фортепиано, скрипка, виолончель, баян, домбыра, сыбызғы, қобыз, вокал және дәстүрлі ән бағыттарында оқиды. Мектептің бір түлегі консерваторияда, он түлегі университеттер мен колледждерде білімін жалғастыруда.
    Шәкірттердің дайындығы республикалық өнер додаларында нәтижесін көрсетіп келеді. Астанада Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Жас Сарбаз – 2025» республикалық фестивалінде «Ақжайық арландары» вокалдық-аспаптық ансамблі І орын иеленді. Осы фестивальдің облыстық кезеңінде мектептің домбырашылар ансамблі де І орынға қол жеткізді.
    Ақтөбеде өткен « Жас STAR» республикалық қобызшылар байқау-фестивалінде Жазира Алдаберген мен Мадина Нұртастан құралған «Арай» дуэті І орын, Назира Айтуарова І ІІ орын алды.
    Облыстық «Музыка әлемі» жас музыканттар байқауында Марлен Құрамыс баян аспабы бойынша Бас жүлдені жеңіп алды. Мерхат Баймурзин домбырадан, Әсем Каирбулат баяннан ІІІ орын иеленді. Мектептің хор ұжымы жас музыканттардың фестиваль-байқауының облыстық кезеңінде Алғыс хатпен марапатталды.
    Педагогтер де кәсіби байқауларда жетістікке жетуде. Динара Батырова «IQlab» республикалық эвристикалық онлайн-олимпиадасында ІІ орын алды. «Музыка әлемінде» республикалық педагогтер байқауында Роза Габудалиева ІІ, Гүлнұр Сисенғалиева ІІІ орын иеленді. Арайлым Неткалиева «Оқытуды саралаудың тиімді әдістері» облыстық кәсіби байқауында ІІІ орынға қол жеткізді.
    Шәкірттердің көбеюі, музыкалық білім беру бағыттарының кеңеюі, ұстаздар мен оқушылардың республикалық деңгейде танылуы – тәуелсіздік жылдарында өнерлі ұрпақ тәрбиелеуде қол жеткізген жетістік

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары