СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Имашева зейнет демалысына шықты
38 жылдық жемісті еңбегінен кейін әріптестері су саласының ардагерін құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды.
Гүлмира Сағынбайқызы Имашева өмірінің 38 жылдан астам уақытын Қазақстанның су саласын дамытуға арнаған. Осы уақыт ішінде су саласының бірнеше буын маманын тәрбиелеп шығарды. Еңбек жолын 1988 жылы Шу-Талас бассейндік инспекциясында бастаған.
Көп жылғы қажырлы еңбегінің арқасында Гүлмира Сағынбайқызы қарапайым техник қызметінен инспекция басшысына дейін көтерілді. Әр жылдары Су ресурстары комитетінде де басшылық қызметтер атқарды.
2020 жылы су шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Гүлмира Имашева «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









