«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыты бойынша Басши ауылдық округінің мемлекеттік қызметшілері де игі бастаманы қолдап, кітап оқу мәдениетін насихаттауға және рухани-мәдени дамуға өз үлестерін қосуда.
Кітап оқу – адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін жетілдіріп, дүниетанымын қалыптастыратын, рухани дүниесін байытатын маңызды құрал. Әсіресе, мемлекеттік қызметші үшін үнемі іздену, білімін толықтыру, жаңа көзқарастарды меңгеру және кәсіби біліктілігін арттыру – қызметтік міндеттерін тиімді атқарудың маңызды негізі.
Кітап – білімнің қайнар көзі, парасаттылық пен тәрбиенің негізі. Кітап оқу арқылы адам өз ойын еркін жеткізуге, дұрыс шешім қабылдауға, өмірлік тәжірибесін молайтуға және қоғамға пайдалы болуға ұмтылады.
Оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және білімге құштарлықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдырып, білім мен руханиятты қатар дамытайық!
Кітап оқитын ұлт – озық ойлы ұлт! Білімді ұлт – болашағы жарқын ұлт!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









