БАСШИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

    1 / 2

    Басши ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндіру мақсатында жиын ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында ауылдық округ әкімі М. Сарсенов сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған ел дамуының басым бағыттарына тоқталды.

    Кездесу барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағыттарына ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі, кәсібилігі мен белсенділігінің маңыздылығы атап өтілді.

    Жиын соңында ел дамуы жолындағы міндеттерді сапалы орындау, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және ауылдық округтің өркендеуі бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі айтылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары