ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ

    1 / 2

    Қарттар күніне орай ауылымыздың қазыналы қарияларына арнап ақ дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

    Мерекелік дастарқан жаңадан ашылған қонақүй ғимаратында жайылып, ауыл ақсақалдары мен әжелеріне ізет білдірілді.

    Іс-шараға қолдау көрсетіп, дастарқан мәзіріне демеушілік жасаған ауыл азаматы, шаруа қожалығының басшысы Сайлау Жақыпбекұлы Өмірбековке және жаңадан ашылған қонақүй ұжымына алғысымызды білдіреміз.

    Қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Ақ баталарын беріп, ортамызда аман-есен жүре берсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары