ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ БОЛҒАН ЕҢБЕК – АРДАҒЫ АРДАГЕРЛЕР

    нда ардагерлерге көрсетілген құрметтің маңыздылығы атап өтіліп, олардың еңбек жолы кейінгі ұрпақ үшін үлкен өнеге екені айтылды. Аға буынның тәжірибесі мен ақыл-кеңесі жас мамандардың кәсіби қалыптасуына бағыт-бағдар беретін құнды мектеп екені сөзсіз.

    «Ардагерлер – ел тарихының тірі шежіресі» десек, олардың өмір жолы мен атқарған қызметі ешқашан ұмытылмауы тиіс. Осындай игі бастамалар арқылы еңбек адамдарының есімі жаңғырып, жастардың бойында мамандыққа деген құрмет пен жауапкершілік қалыптасады.

    Басши ауылдық округінде ашылған бұл құрмет бұрышы – ветеринария саласының ардагерлеріне деген ізеттіліктің, өткен еңбек жолына тағзымның және болашақ ұрпаққа қалдырылған өнегелі мұраның жарқын көрінісі.

    Еңбек еленген жерде береке бар. Ал аға буынға құрмет көрсетілген жерде ұрпақтар сабақтастығы үзілмейді. Осындай тағылымы мол шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ел игілігі үшін еңбек еткен азаматтардың есімдері әрдайым құрмет төрінен орын ала берсін!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары