Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында су қоймаларына тексеру жұмыстары жүргізілді

    1 / 4

    Төтенше жағдайлардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су нысандарының жай-күйін бақылау мақсатында Басши ауылдық округінің әкімі М. Сарсенов Еңкөл және Аралтөбе су қоймаларына барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.

    Тексеру барысында су қоймаларының қоршау жұмыстарының сапасы мен жай-күйі, қоршаулардың бүтіндігі, сондай-ақ су ағу жағдайлары назарға алынды. Сонымен қатар, су қоймаларының айналасындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы және ықтимал қауіп-қатерлердің алдын алу шаралары қаралды.

    Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – су қоймаларында орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, су нысандарының қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету және анықталған кемшіліктерді уақытылы жою.

    Қауіпсіздік шараларын сақтау және алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу – төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетудің маңызды тетігі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары