Мырзағали Жандос Қойшыбайұлы – азаматтық қорғау аға сержанты, Қостанай ауданы Тобыл қаласындағы № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі. Ол 10 жыл бойы адам өмірін құтқару жолындағы игілікті іске адал қызмет етіп келеді.
Жандос Қойшыбайұлы өзінің кәсіби жолын 2016 жылы бастаған. Ол адамдарға күн сайын нақты көмек көрсетуге мүмкіндік беретін мамандықты саналы түрде таңдаған.
«Мен үшін өрт сөндіруші-құтқарушы болу – адамдарға шын мәнінде қажет сәтте жанынан табылу, өз әрекетің арқылы адам өмірін сақтап қалу мүмкіндігі», – дейді ол.
Қызмет еткен жылдары талай күрделі шақыртуларға қатысып, әр минуттың маңызы зор төтенше жағдайларда жұмыс істеді. Бүгінде бөлімшені басқара отырып, ол жүктелген міндеттердің орындалуына ғана емес, жеке құрамның тұрақты жауынгерлік әзірлігіне де жауап береді.
Оның кәсіби қалыптасуында тәлімгерлері мен әріптестерінің орны ерекше. Қызмет оған тәртіпті, төзімділікті, өзара қолдау көрсетуді және ең күрделі жағдайларда сабыр сақтай білуді үйретті.
Ержүрек құтқарушының артында үлкен әрі тату отбасы тұр. Жандос Қойшыбайұлы – алты баланың, яғни бес ұл мен бір қыздың бақытты әкесі. Отбасы – оның басты тірегі, шабыт көзі және ауыр кезекшіліктерден кейін күш-қуат беретін ең қымбат құндылығы.
Жас ұрпаққа үндеу жасаған құтқарушы қиындықтардан қорықпай, мамандықты жүрек қалауымен таңдауға шақырады.
«Жеңіл жол іздемеңіздер. Біздің қызмет жақсы дене дайындығын, тәртіпті және мейірімді жүректі талап етеді. Егер адамдарға көмектесуге дайын болсаңыздар, біздің қатарымызға қосылыңыздар. Бұл – нағыз өмірлік мұрат», – деп атап өтті Жандос Мырзағали.
Оның өмір жолы – мамандыққа адалдықтың, адамдар алдындағы жауапкершіліктің және отбасына деген сүйіспеншіліктің нағыз құтқарушы өміріндегі басты құндылықтар екенін көрсететін жарқын үлгі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









