2026 жылғы 18–24 қараша аралығында микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселесі туралы хабардарлықты арттыру жөніндегі Дүниежүзілік апталық өтуде.
Биыл апталық «Біртұтас денсаулық, бірлескен іс-қимыл: микробқа қарсы төзімділіктің алдын алуды дәл қазір бастайық!» ұранымен өтеді.
Науқанның негізгі мақсаты – халық пен медицина қызметкерлерінің микробқа қарсы препараттарға төзімділік мәселесі туралы хабардарлығын арттыру және оларды қолдануға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
Антибиотиктерді негізсіз қолдану микроорганизмдердің оларға төзімділігінің дамуына ықпал ететінін есте ұстаған жөн. Соның салдарынан жұқпалы ауруларды емдеу қиындап, емнің тиімділігі төмендейді.
Антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауы бойынша, ұсынылған дозасы мен емдеу курсын сақтай отырып қабылдау қажет. Өз бетінше емделмеңіз!
Бүгін антибиотиктерді ұтымды әрі жауапкершілікпен қолдану – олардың ертеңгі тиімділігінің кепілі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









