Жекеше ұсынуларды шығару және орындау мәселелері бойынша семинар өтті

    2026 жылғы 26 қарашада Департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімі аумақтық басқармалар мамандарының қатысуымен Zoom бейнеконференцбайланыс форматында жоспардан тыс құқықтық жалпы оқыту өткізді. Семинар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 826-бабының талаптарын түсіндіруге арналды.

    Семинар барысында қатысушыларға жекеше ұсыныстарды шығару және орындау тәртібі бойынша әдістемелік ұсынымдар таныстырылды. Мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері болып табылатын лауазымды тұлғаларының атына жекеше ұсыныстар енгізудің негіздері мен осыған қатысты өкілеттіктерге ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар жекеше ұсыныстарды ресімдеу қағидалары, оларды орындау мерзімдері, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тарту негіздері мен мерзімдері қарастырылды.

    Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға тиісті түсіндірмелер алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары