2026 жылғы 20 қарашада Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент және оның аумақтық басқармалары қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті.
Семинар спикері ретінде заң ғылымдарының кандидаты, экономикалық қауіпсіздік магистрі, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының профессоры Аренова Лейла Климентьевна сөз сөйледі.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының 2026 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер қарастырылды. Атап айтқанда, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеудің жаңа тетіктері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтауы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтауы және жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметте адалдық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









