Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
«Мемлекеттік тіл – мемлекет негізі»
2026 жылғы 18 қарашада Петропавл қаласындағы №1 орта мектепте Департаменттің бас маманы Д. Қаратаева «Мемлекеттік тіл – мемлекет негізі» тақырыбында оқушыларға арналған танымдық дәріс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, қазақ тілінің қоғамдағы маңызын түсіндіру және оны күнделікті өмірде қолдануға ынталандыру.
Дәріс барысында мемлекеттік тілдің ел бірлігін нығайтудағы рөлі, ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызы және әрбір азаматтың мемлекеттік тілді құрметтеудегі жауапкершілігі атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









