Әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел

    2026 жылғы 18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді.

    Іс-шараға Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотының төрағасы, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері және Әділет департаментінің қызметкерлері қатысты.
    Дөңгелек үстел барысында қатысушылар әкімшілік жауаптылыққа тарту тәжірибесіне қатысты өзекті мәселелерді, тиісті істерді қарау кезінде туындайтын негізгі проблемаларды және оларды шешу жолдарын талқылады.
    Іс-шара қорытындысы бойынша пікір алмасу жүргізіліп, құқық қолдану практикасын жетілдіруге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" жаңалықтары