ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛДІ

    1 / 6
    Бүгін Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем орталығына Тянь Юн бастаған Қытай делегациясы келді.
    Жұмыс кездесуі барысында тараптар шұғыл медициналық көмек көрсету, оның ішінде ауруханаға дейінгі кезеңдегі медициналық көмек және кәсіби тәжірибе алмасу салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
    Сапар аясында қонақтар ИОДО диспетчерлік қызметінің жұмысымен танысып, қоңырауларды қабылдау және өңдеу тәртібін көрді. Орталық өкілдері Алматы қаласында тәулігіне шамамен 3 000–3 500 шақырту түсетінін, ал халыққа медициналық көмек көрсету үшін 196 көшпелі бригада жұмылдырылғанын хабарлады.
    Сондай-ақ қонақтар қосалқы станциялардың біріне барып, бригадалар шақырту кезінде пайдаланатын медициналық жабдықтар мен аппараттармен танысты.
    Бұдан бөлек, қонақтарға жедел медициналық жәрдем автокөлігі көрсетіліп, оның пациенттерге шұғыл көмек көрсетуге қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы таныстырылды.
    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. Сапар тәжірибе алмасуға және халықаралық кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары