Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қаладағы медициналық ұйымдардың басшылары және өкілдерімен кезекті жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында халықты вакцинациялау, профилактикалық екпелермен қамту деңгейін арттыру, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар қатысушылар 2026 жылдың 10 айындағы Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің жұмыс қорытындыларын, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары бөлінісінде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті басқарудың ағымдағы жағдайын, сондай-ақ орфандық аурулары бар пациенттермен жүргізілген жұмыстың нәтижелерін қарастырды.
Кеңес қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар қызметінің тиімділігін, Алматы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған басым міндеттер мен алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








