Степняк қаласының әкімі тұрғындармен кезекті кездесуі

    1 / 5

    11 қараша күні Степняк қаласының әкімі тұрғындармен кезекті кездесу өткізді. Кездесу барысында 2026 жылдың екінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындылары талқыланды.
    Қала әкімі атқарылған жұмыстар, жүзеге асырылған жобалар, қаланы абаттандыру және дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.
    Кездесу барысында қала тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарға түсініктемелер беріліп, бірқатар өтініштер одан әрі пысықтау үшін бақылауға алынды.
    Мұндай кездесулер жергілікті атқарушы орган мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты нығайтуға, өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға және қаланың алдағы даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы Біржан сал ауданы Степняк қ. әкімінің аппараты" жаңалықтары