Ақмола облысы Біржан сал ауданы Степняк қ. әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    Біржан сал ауданы "Степняк қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Степняк қаласы әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсытүсіндіру жұмыстары

    Степняк қаласының әкімі аппарат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызмет саласында құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік шаралары айтылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    Степняк қаласы әкімінің аппараты
    ОтырысАяқталды

    День услугополучателя

    Қалада жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен «Қызмет алушы күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында қала тұрғындары жер қатынастары, құрылыс және сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, салық қызметі, ветеринария, сондай-ақ архивтік анықтамалар мен зейнетақы мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың мамандарынан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Барлық өтініштер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, қажетті консультациялық көмек көрсетілді. В городе состоялось мероприятие «День услугополучателя», организованное местными исполнительными органами. В ходе мероприятия жители получили возможность проконсультироваться со специалистами государственных органов по актуальным вопросам в сферах земельных отношений, строительства и архитектуры, жилищно-коммунального хозяйства, транспорта и автомобильных дорог, занятости и социальных программ, сельского хозяйства, здравоохранения, налоговой службы, ветеринарии, а также по вопросам архивных справок и пенсионного обеспечения. По всем обращениям даны компетентные разъяснения и оказана необходимая консультативная помощь.ДеньУслугополучателя Госуслуги ОткрытыйАкимат ОбратнаяСвязь АкмолинскаяОбласть

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    г. Степняк, РДК