Меморандумнан — нақты іске: Степняк қаласында жол жөндеу жұмыстары аяқталды
Степняк қаласының инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар нақты нәтижесін беруде. Ақмола облысы әкімінің тапсырмасына және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясымен жасалған меморандум аясында қала көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Атап айтқандай, Наурызбай батыр және Біржан сал көшелерінде жол учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың күнделікті қатынауына қолайлы жағдай жасалды.
Бұл — өңірдің дамуына бағытталған әріптестіктің нақты нәтижесі. Жол сапасын жақсарту тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін маңызды, сондай-ақ қаланың көркеюіне де үлес қосады.
Басты мақсат — жоспарланған жұмыстарды сапалы орындап, олардың нақты нәтижесін тұрғындарға ұсыну.









