Астанада тыныштықты бұзған екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

    Астанада түнгі тыныштықты бұзған 22 және 21 жастағы екі азамат полиция қызметкерлерімен анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Анықталғандай, 22 жастағы азамат досының туған күнін атап өту мақсатында салют әкеліп, оны атқан. Аталған әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзумен қатар, тұрғындардың тыныштығына да кедергі келтірген.
    Осы факті бойынша азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулік әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды.
    Екі азамат та тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Полиция тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті екенін еске салады. Мерекелік іс-шаралар мен көңіл көтеру кезінде өзгелердің құқығы мен тыныштығын бұзуға жол берілмейді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары