ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ ОРАЙ САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    1 / 18

    15 қараша – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов сала мамандарын мерекелерімен құттықтап, бірқатар қызметкерге Алғыс хат табыстады.

    Құттықтау сөзінде аудан әкімі ұлттық валютаның ел тәуелсіздігі тарихындағы маңызына тоқталып, қаржы саласының мемлекет экономикасын дамытудағы рөлін атап өтті.

    – Төл теңгеміздің айналымға енуі – еліміздің тәуелсіздік тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Ұлттық валютамыз – мемлекетіміздің дербестігі мен экономикалық тұрақтылығының басты белгілерінің бірі.

    Қаржы саласы – ел дамуының маңызды бағыттарының бірі. Бұл салада еңбек ететін мамандардан үлкен жауапкершілік пен тиянақтылық талап етіледі. Ауданымыздың дамуына, бюджет қаражатының дұрыс жоспарланып, тиімді жұмсалуына үлес қосып жүрген барша қаржы саласының қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.

    Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және қаржы саласының жұмысына үлес қосып жүрген мамандарға Алғыс хаттар табысталды.

    Шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары