ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    1 / 2

    2026 жылғы 4 қарашадан бастап Мусин Нұрлыбек Құмарұлы Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Нұрлыбек Құмарұлы 1983 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген ауылында дүниеге келген.

    Жоғары білімді. 2010 жылы Орталық Азия университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша, 2016 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша, 2025 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2010 жылы «Атамекен студенттер отрядтары» қоғамдық бірлестігінде менеджер болып бастаған. Кейін аталған бірлестіктің төрағасы қызметін атқарған.

    2022–2024 жылдары Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасына қарасты Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры болды. Одан кейін аталған басқарманың жастар ортасын талдау және мониторинг бөлімінде бас маман қызметін атқарды.

    2026 жылғы 4 қарашадан бастап Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне кірісті.

    Алдағы уақытта жауапты қызметіне абыроймен кірісіп, ауданның қоғамдық-саяси өмірін дамыту жолындағы жұмыстарына толағай табыс, толымды жетістіктер тілейміз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары