ЖАҢА БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    1 / 2

    Хромтау ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 қарашадағы өкімімен «Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы лауазымына Бурабай Асыланбек тағайындалды.

    Бурабай Асыланбек 1998 жылы 18 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2020 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, 2022 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін, 2026 жылы Баишев университетін тәмамдаған. Мамандығы – агрономия, тарих, мемлекеттік және жергілікті басқару.

    Еңбек жолын 2021 жылы Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде бастаған.

    2021–2024 жылдары аталған бөлімде бас маман қызметін атқарды;
    2024–2026 жылдары бөлімнің сектор меңгерушісі болды;
    2026 жылғы 2 қарашадан бастап бөлім басшысы лауазымына тағайындалды.

    Аудан әкімі Нұрхан Тлеумұратов жаңадан тағайындалған бөлім басшысына ауыл шаруашылығы саласын дамыту, жер қатынастары мәселелерін жүйелі жүргізу, шаруалармен тығыз байланыс орнату және тұрғындардың өтініштеріне уақытылы жауап беру бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді.

    Сонымен қатар, бөлім жұмысының тиімділігін арттырып, алға қойылған міндеттерді сапалы орындау қажеттігін атап өтті. Аудан әкімі жаңа басшыға қызметіне сәттілік тілеп, халық игілігі жолында абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары